Фото : Wallingford Town Council
Қоладан құйылған ескерткіш қаламгердің туған қаласы Уоллингфордта орын тепті. Агата Кристи қолына кітап алып, саябаққа қарап отыр. Бұл саябаққа қарама-қарсы жазушының құрметіне ашылған мұражай бар.
«Салтанатты рәсімге жүздеген адам, оның ішінде жазушы Мэтью Причардтың немересі қатысты. Сондай-ақ іс-шараға Кристидің детектив романдарындағы кейіпкерлердің костюмдерін киген бірнеше актер келді, олардың бірі Германиядан арнайы шақырылды», деп хабар таратты ITV телеарнасы.
Агата Кристидің кітаптары – адамзат тарихындағы ең көп жарияланған кітаптар. Жазушының еңбектері бірнеше тілге тәржімаланған.