Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023

Ұлттық киім күні

912 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әр ұлтты ерекше­лендіретін – дәс­түрлі құнды­лық­тары. Адам­ның же­ке қол­таң­басы бо­латыны се­кілді, әр ұлттың қол­таң­басы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар.

Ұлттық киім күні

2020 жылы РФ Баш­құртстан Респуб­лика­сы­ның басшысы Радий Хабиров халқының ұсы­ныс-тілегін ескеріп, ұлт­тық костюм күнін бе­кіт­ті. Биыл 8 қыркүйек кү­ні Уфа қаласында осы шара кеңінен аталынып өтті. Ұлттық киім күні «Ми­рас» ән-би ан­сам­блі­­нің «Баш­құрт­стан» ком­­позициясымен ашы­­лып, баш­құрттың ха­лық әндері орындалды. «Инзер», «Сармат» би­шілер тобы көрерменге ұлт­тық биден шашу шаш­­са, түрлі мамандар кос­тюм түрлерін таныс­тырып, оны жасаудың шеберлік сағаттарын өт­кізген.

– Ұлттық кост­юм – кез келген халық мәде­ниетінің ажырамас бөл­­шегі. Бұл жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Оны жан-тәнімізбен берік қор­ғауымыз керек. Біздің кі­тапханада ұлттық кос­тюм туралы һәм өзге де тү­бірлі тарих төркінін баян­дайтын еңбектер аз емес, – дейді Уфадағы Ах­­мет Зәки Уәлиди атын­дағы ұлттық кітап­ха­на­ның директоры Ма­рат Зұлқарнаев.

Башқұртстан елінің мерекесі бізге үлгі бо­ла аларлық. Елімізде ұлық­­тауға тұрарлық салт-жоралғыларымыз, ұлт­тық киімдеріміз же­тер­лік. Ұлттық киімімізді ұлық­тау арқылы халықты елдік құндылықтарға жа­қындата түсер едік.