Спорт • 18 Қыркүйек, 2023

Еркін күрес: Алғашқы медаль бұйырды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Еркін күрес: Алғашқы медаль бұйырды

Фото: uww.org

Еркін күрестен 86 келі салмақта  сынға түскен Азамат Дәулетбеков  жартылай финалға дейінгі қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Финалға сынық сүйем қалғанда әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының  чемпионы  америкалық  Дэвид  Тэйлорға есе жіберді.

Былтыр да дәл осы Сербия елінде өткен әлем чемпионатының жартылай финалында біздің балуанды  Тэйлор тоқтатқан еді. Азамат қола медаль үшін белдесуде бахрейндік   Магомед Шариповты ұтты.

Осылайша әлем чемпионатының қола  жүлдесімен қоса келесі жылы Францияда  өтетін Париж жазғы Олимпиадасына жолдама олжалады.