Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жалпы тізімге 34 футболшы енген. Қыркүйектегі ойындарға шақырту алған футболшылармен салыстырғанда, бұл жолғы тізімге бір-екі жаңа ойыншы қосылғанымен, басым бөлігі ұлттық құрама матчтарына бұрыннан шақырылып жүрген аяқдопшылар. Сонымен, қазан айындағы ойындарға Магомед Адиевтің таңдауы мына ойыншыларға түсіп отыр.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Александр Заруцкий («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);
Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранкулов (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Александр Зуев (ИМТ, Сербия);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Самат Жарынбетов, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»), Әділет Садыбеков («Қайрат»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»), Иван Свиридов («Шахтер»).
Оқу-жаттығу жиыны 6 қазанда Алматыда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.
14 қазанға жоспарланған Дания – Қазақстан матчы Копенгагендегі «Паркен» стадионында өтеді. Кездесу елорда уақытымен 00.45-те басталады. Үш күннен кейін біздің құрама Хельсинкиге сапар шегеді. Финляндия – Қазақстан матчты 17 қазан күні Астана уақытымен 22.00-ге жоспарланған. Матч «Олимпия» стадионында өтеді.