Әлем • 28 Қыркүйек, 2023

Ташкенттегі жарылыс: бір адам қаза тауып, 163 адам жараланды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкенттегі қоймада болған алапат жарылыс пен өрт салдарынан бір жасөспірім көз жұмып, 163 адам жараланды. Бұл туралы Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

деп хабарлайды Egemen.kz.

Ташкенттегі жарылыс: бір адам қаза тауып, 163 адам жараланды

«Зардап шеккен 24 адам Республикалық шұғыл медициналық жәрдем орталығы мен оның Ташкент облысы бойынша филиалына, Ташкент қалалық жедел жәрдем ауруханасына, №1 қалалық перзентханаға, республикалық және қалалық клиникалық ауруханаларға жатқызылды», делінген хабарламада.

Қалған 138 адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Бұған дейін Ташкент әуежайы маңында алапат жарылыс болғаны туралы жазған едік. Алдын ала болжам бойынша, қоймалар найзағай жарқылынан өртке оранған. Жарылыс толқыны эпицентрден 30 шақырым жерде сезілген.