Құқық • 30 Қыркүйек, 2023

Оралда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер ұсталды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ІІМ баспасөз қызметі Орал қаласына кірген Ауғанстанның 11 азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оралда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер ұсталды

Фото: ҚР ІІМ

Аталған шетелдіктердің құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімі асып кеткені анықталған. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ екі Ауғанстан азаматы бұрын ҚР аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болған. Олар Орал қалалық ПБ қабылдап-тарату орнына орналастырылды.

Батыс Қазақстан облысы аумағында шетел азаматтарының болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.