Кәсіпқой бокс • 02 Қазан, 2023

Бірі жеңіп, екіншісі тең түсті

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті. Сол бәсекеде екі отандасымыз кәсіби шаршы алаңдағы кезекті жекпе-жектерін өткізді.

Бірі жеңіп, екіншісі тең түсті

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Джермелл Чарло арасын­дағы кездесудің андеркардында өнер көр­сеткен Бек Нұрмағанбет нигериялық бокс­шы Абимбола Осундаиромен жұдырықта­сып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Алты раундқа жоспарланған айқаста отандасымыз қарсыласын үшінші раундта нокаутпен тізе бүктірді. Осылайша, А.Осундаиро карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшы­рады. Ал Б.Нұрмағанбет жеңісті жолын жалғап, жеңістер санын 11-ге жеткізді.

Сонымен қатар осы кеште жұды­рық­тасқан тағы бір отандасымыз Әбілхан Аман­құл америкалық Джошон Джеймспен төре­шілердің шешімі бойынша тең түсті. Ал бокс кешінің басты жекпе-жегіндегі Сауль «Канело» Альварес пен Джермелл Чарло арасындағы айқас алғашқысының айқын басымдығымен аяқталды. Сөйтіп, «Канело» өзіне тиесілі белдікті кезекті рет сәтті қорғады.