![Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті](/media/2023/10/02/f4d48993-52dc-4f48-8356-a389f34dfd2b.webp)
Әңгімелесу барысында президенттер өзара сенім мен қолдауға негізделген екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.
Екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.
Қазақстан мен Түркия президенттері биыл қараша айында Астанада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитіне дайындық барысы туралы пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл жиын түркі елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін маңызды қадам болмақ.