Оқиға • 07 Қазан, 2023

«Air Astana» Тель-Авивке ұшу билеттерін сатуды тоқтатты

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әуе компаниясы Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты 8 қазанға жоспарланған рейс Бен Гурион әуежайының қауіпсіздігін ескере отырып орындалатынын хабарлады. Тель-Авивке бұдан кейінгі барлық рейстер келесі ескертуге дейін тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Air Astana» Тель-Авивке ұшу билеттерін сатуды тоқтатты

фото: sputnik.kz

«Air Astana» Тель-Авивке ұшу билеттерін сатуды келесі ескертуге дейін тоқтатты. Бұрын билеттерді сатып алған және қазіргі жағдайға байланысты сапарларынан бас тартқысы келетін жолаушылар үшін әуе компаниясы билеттерді сатып алу орнында толық қайтаруды ұсынады», делінген әуе компаниясының мәлімдемесінде.

Сондай-ақ «Air Astana» жолаушылардан әуе компаниясының сайтында рейстердің күйін бақылауды сұрады.

Айта кетейік, бүгін Израиль мемлекеті Палестина тарапының жаппай зымыран атуына байланысты Газа секторында әскери операцияны бастағанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55