Қазақстан • 11 Қазан, 2023

Қазақстан оқушылары робототехникадан әлем чемпионы атанды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сингапурда өткен робототехникадан FIRST Global Challenge ең ірі чемпионатында Қазақстан оқушылары рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Аталған жеңіспен ұлттық құрама былтыр Женевада алған чемпиондық атағын қайталады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан оқушылары робототехникадан әлем чемпионы атанды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан құрама командасында Алматы қаласындағы НЗМ оқушылары Нұрислам Тұрғынбай, Нұрсұлтан Жанзақов, Сергей Гапонов, Дәмелі Шаймерденова, Иманәлі Көксал болды. Ұлттық құрама бапкерлері – Бекзат Іңкәров пен Нұрдәулет Досмағамбет.

Еліміздің әр түкпірінен 200 оқушы арасынан ұлттық кезеңде іріктелген мықты команда Сингапурға келіп, әлем чемпионатында ұпай көрсеткішімен рекорд орнатқанын тілге тиек еткен USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мырзахметов сонымен қоса, команданың халықаралық ынтымақтастық үшін төрешілердің марапаттарына ие болуы үлкен мақтаныш екенін һәм Қазақстанда робототехника жыл өткен сайын халықаралық брендке айналып келе жатқанын атап өтті.

Жыл сайын әртүрлі елде өтетін FIRST Global Challenge олимпиадалық үлгідегі жаһандық робототехника чемпионатына биыл 190-нан астам ел қатысқан.

Еске салсақ, робототехника олимпиадасының іріктеу кезеңдері шеңберінде Ұлттық құрама Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жасақталған.