Пікір • 11 Қазан, 2023

Қазақстан бейбітшілік жолын таңдады

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Рим папасы Франциск былтыр Қазақстанға сапармен келіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысты. Сол кезде Қасиетті әке айтқан уағызды ескере отырып, маңызды мәселеге тоқталғым келеді.

Қазақстан бейбітшілік жолын таңдады

Олар – бейбітшілік, әйелдер және жастар. Мұны Рим папасы да атап өткен. Сондай-ақ ең маңызды сөздер немесе ұғымдар мыналар: Қазақстан және оның халқы; адамның қадір-қасиеті, адам құқықтары; диалог; діни сенім бостандығы; бауырластық; демократия; зайырлы мемлекет арқылы дін мен саясаттың саламатты қарым-қатынасы.

Рим папасы Франциск Қазақстанды және қазақ халқын өз уағызында жиырма рет атапты. Қазақстан «кең-байтақ» және «ежелгі жер». Әлемдегі алып және негізгі құрлығы Азия­ның қақ ортасында орналасқан мекен – дін көш­бас­шылары кездесетін таптырмас жер. 2001 жылдың қыркүйегінде АҚШ-қа жасалған лаң­кестік әрекеттен 11 күн өткен соң Қазақстанға келген Рим папасы ІІ  Иоанн Павелдің сөзін мысал­ға келтірген Рим папасы Франциск сіздің елді қа­һар­мандар мен діндарлардың, жер аударылғандар мен батырлар, зиялылар елі екеніне назар аударды. Қазақстанда мәдениеттің, адамгершіліктің және төзімнің тарихи даңқы қалыптасқан. Алайда қазақтар бастан өткерген әділетсіздіктің сары уайымына салынбай, өзара татулық пен бейбітшілік жолын таңдады.

Рим папасы Франциск Қазақстанға «бейбіт­шілік жаршысы, диалог пен бірлік іздеп» келгенін растады. Біз де өзімізді дәл осылай айта аламыз. Қасиетті әке дінаралық диа­лог­ті жақтайды. Сонымен қатар бұл қадам ты­ныштықты жақтап, қақтығыстарды бол­дыр­мауға, түсіністік пен көпжақтылықты нығай­туға, бейбіт және тұрақты әлем құру жолындағы қажетті құрал ретінде қарастырды.

Мұндай келісім баршамен түсіністікте болу, шыдамдылық танытуды қолдайды. Осы тұрғыда Рим папасы Қазақстанды ядролық қарудан бас тартқанына, энергетикалық және экологиялық саясатты әзірлеудегі күш-жігері және дінаралық диалогті ілгерілетуін жоғары бағалайды.

 

Халед АКАШЕ,

Ватикан, Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясы Ислам мәселелері бюросының басшысы, монсиньор