Осы орайда табыстарымызға тоқмейілсімей, IT кәсіпкерлікте барынша жетістікке жетуге тырысып жүрміз. Бұл саланың жұлдызы енді жанды. Осы уақытты тиімді пайдаланып қалған жөн.
АҚШ-та стартап бастау үшін сіз сонда дүниеге келуіңіз немесе сол жерде ұзақ өмір сүруіңіз керек. Біз қазір жергілікті азық-түлік жүйелері үшін жаһандық платформа құрып жатырмыз. Фермерлерге арналған маркетплейс деп айтуға болады. Әзірге тек бір қалада жұмыс істейміз, бірақ бүкіл елге таратуды жоспарлап отырмыз.
Қазір Қазақстанда да табысты стартаптар ашуға болады. Қазіргі нарық – венчурлық индустрияны дамытатын нарық. Бұл бізге өз уақытында жетпеді. Мысалы, біріктіру болған кезде Aviata.kz және Chocotravel-де нарыққа жақсырақ шарттармен кіру үшін ақша іздедік. Бірақ сұрайтын ешкім болмады.
IT кәсіпте жүргенімізге едәуір уақыт болды. АҚШ нарығында жұмыс істей отырып, менің компаниям Қазақстандағы әзірлемелер мен көптеген үдерістерді жеделдетті. Экспортқа бағдарланған, сыртқы нарықтарда табыс әкелетін отандық IT компаниялар неғұрлым көп болса, Қазақстан шикізатқа тәуелділіктен тезірек арылады.
Алексей ЛИ,
«Arbuz», «Aviata», «PINEMELON USA»
және «Ticketon» онлайн-сервистерінің негізін қалаушы