Үкімет • 17 Қазан, 2023

Өңірлер қолжетімді астықпен қамтылады

152 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте өңірлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті жедел жеткізу мен оның құны талқыланды.

Өңірлер қолжетімді астықпен қамтылады

Вице-премьер Серік Жұманғарин әлеуметтік азық-түлік өнімдерін өңір­лерге жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін кез келген шешім қабылдау туралы ҚТЖ ҰК АҚ-ға бір апта бұрын берген болатын. Әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Владимир Петров мәлімдеді.

Айтылған мәліметтер бойынша 2023 жылдың 9 айында елімізде ауыл шаруашылығы жүктерінің импорты 2,1 млн тоннаны құрады.

«Тек қазан айының өзінде 341 мың тонна астық жөнелтілетіні айтылып, оның 190 мың тоннасы келісілген. Бұл ретте негізгі жоспар бойынша бастапқыда 58 мың тонна астық қаралса, 132 мың тоннасы Сауда министрлігімен және Астық өңдеушілер қауымдастығымен қосым­ша пысықталды. Келісілген тізім­де жоқ өтініш берушілердің 151 мың тон­на­сына өтінімдер қабылданбады. 10,1 мың тонна ұн әкелуге қатысты бар­лық өтінім 100%-ға орындалды. Әлеуметтік азық-түлік өнімдері бойын­ша осындай жағдай – 145 мың тонна көле­­міндегі ӘМАТ импортына қатысты бар­­лық өті­нім­дер орындалды. Өтінімдер бір тәу­лік ішінде мақұлданады», деді В.Петров.

Сонымен қатар қазан айының басынан бері ел ішінде астық, ұн және әлеуметтік азық-түлік тауарларын тасымалдау бойынша артта қалушылық байқалады. Астық бойынша жоспарлар –  76%-ға, ұн бойынша – 72%-ға, көкөніс­тер бойынша – 94%-ға, күнбағыс майы бойынша 23%-ға орындалды. Жалпы, осы күндері ел ішінде 619 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік өнімдерді тасымалдау жоспары болса, 181,9 мың тоннаға тапсырыс орындалды.

«Теміржол бөлімшелерінің барлық басшыларына бірінші кезекте вагондар азық-түлік өнімдерін жеткізуді қамтамасыз етуі қажет, өтініштерді бір тәулік ішінде қарау тапсырылды. Тәулік бойы кезекшілік белгіленді», деп атап өтті «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры.

Ұлттық статистика бюро­сының мәліметі бойынша негізгі азық-түлік тауарларының жалпы баға индексі 4 ай бойы төмендегеннен кейін маусым­ара­лық кезеңде апта сайын­ғы өсім 0,1%-ды құрады. Бұл негізі­нен тауық жұмыртқасы бағасының маусым­дық өсуіне байла­нысты болды (1,3%). Сон­дай-ақ қарақұмық (0,7%) және ұн (0,5%) бағасының шамалы өсімі тіркелді.

Өңірлер бойынша баға жағдайын қарастыратын болсақ, жыл басынан бері ең үлкен өсім Ұлытау облысында тіркеліп – 9,6%-ды құраса, Астанада жалпы өсу индексі 7,6%-ды көрсетіп, екінші орында келеді. Жиында Серік Жұманғарин атап өткендей, бұл аталған аймақтардың басшылығы азық-түлік қауіпсіздігіне басымдық бермей отыр.

Ең жақсы көрсеткіш Алматы облысында (-0,2%) тіркелді. Бүгінде ол – жыл басынан бері ӘМАТ бағасын тұрақтандырып қана қоймай, төмендете алған жалғыз өңір.

Еліміздің барлық өңірлерінде ұн бағасының көтерілуін ескере отырып, жиында арзандатылған астықты жөнелту жұмыстарының барысы тыңдалды.

«5 облыс астық шығаруды бастады. Астықтың алғашқы топтамасы Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына жеткізілді. Қызылорда облысының операторы астықты ұн­тақтап, Қостанайдан ұн салынған вагондарды жөнелтті. Сонымен қатар Жетісу, Ұлытау өңірлері мен Алматы қаласындағы ұн тартушы операторлары әлі күнге дейін Азық-түлік корпорациясымен жеткізілім шартына қол қойған жоқ. Ал Солтүстік Қазақстан мен Абай облыстарында ұн тарту оператор­лары әлі анықталған жоқ»,  деді СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.

Оң көрсеткіштің мысалы ретінде Сауда комитетінің төрағасы Павлодар облысындағы жергілікті мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара іс-қимы­лы нәтижесін атады. Кәсіпкер арзан астықтың жеткізілуін күтпей-ақ әлеу­меттік нан пісіруге арналған ұнды жедел түрде жеткізе бастады.

ӘМАТ бағалары жөніндегі кеңесте өңірлердегі өнімсіз делдалдарды жою жағдайына ерекше назар аударылды. Мәселені егжей-тегжей талдау үшін Серік Жұманғарин БҚДА-ға ке­лесі кеңесте монополияға қарсы орган­ның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарықтарын және өндіру­шіден сауда желілеріне дейінгі азық-түлік жеткізу тізбегін талдау бөлігінде жұ­мыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды.