Шымкент • 17 Қазан, 2023

Шымкенттің болашаққа арналған бас жоспары

125 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкімет Шымкент қаласын дамытудың 2035 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын бекітті. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Шымкенттің болашаққа арналған бас жоспары

Еліміздің ірі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірін кешенді дамыту аясында тұрғын үй құры­лысының көлемі ұлғаяды, жаңа өндіріс аймақтары, айналма теміржол тармағы және өткізу қабілеті тәулігіне 20 мың жолаушы болатын вокзал ашылмақ. Сондай-ақ мегаполисті жаппай көгалдандыру жоспарланған.

Өнімділікті арттырып, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын жақсартуды, отандық тауар­л­арды шетел нарықтарына шыға­ру­ды қолдауды, қолданыстағы мем­ле­­кет­тік және өңірлік бағдарла­малар­ды іс­ке асыру аясында тиісті инфра­­құ­ры­лымды дамытуды қамта­масыз ететін тиімді өнеркәсіп, инфра­құры­лымдық, инвестициялық және сауда сая­сатын жүргізу арқылы қала эко­но­ми­касының салаларын дамыту жалғас­пақ.

Өнеркәсіп аумақтарын жаңғырту мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Олардың аумағын 2035 жылға дейін жаңа индустриялық аймақтарды салу есебінен 5 мың гектарға ұлғайту жос­парланып отыр. Онда перспективалы 14 өнеркәсіп кластері дамитын болады.          

Қабылданған шаралардың нәти­жесінде 2035 жылға қарай қаланың әлеуметтік-экономикалық салаларында 1 млн-нан астам жұмыс орны құрылады деп күтіліп отыр.

Қала шекарасы қазіргі аумағында қалады, алайда тұрғындар қаладағы тыныс-тіршілік үшін қолайсыздау аумақтардан қаланың экологиялық жағынан неғұрлым орнықты және абат­тандырылған аудандарына көші­рілмек. Аумақтың үштен бірінен астамында тұрғын үй және қоғамдық нысандар бой көтермек.

Сонымен қатар экологиялық тәуекел аймақтары жойылады. Бадам, Қошқарата, Қарасу және Сай­рам­­су өзендерінің су қорғау белдеу­лері мен аймақтарының жобаларын әзірленеді.

Тұрғындарға ақпараттық-комму­ни­­ка­циялық қызметтердің кең спек­т­рін ұсынуға мүмкіндік бере­тін «Next Generation Network» техноло­гия­сын пайдалана отырып, телеком­муни­к­а­ция­лық желілерді кеңейту және жаңғырту мәселелері жеке қаралмақ.

Сондай-ақ су құбырының қол­даныс­тағы аймақтық жүйесінің өнім­ділігін арттыру, тыныс-тіршілік ету ор­тасының жайлылығын жақ­сарту жоспарланған.