Көрме • 23 Қазан, 2023

Франкфурттегі кітап жәрмеңкесі

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл «Frankfurt Book Fair 2023» 75-меретойлық кітап жәр­меңкесінде қазақ баспагерлері өздерінің озық жетіс­тік­те­рін таныстырды.

Франкфурттегі кітап жәрмеңкесі

Дәстүрлі Франкфурт көрмесі шетелдегі қандастарымыз төл мәдениеті мен әдебиетімен қауы­ша­тын игі шараға айналған.

«Қазақстан баспагерлер, поли­графистер және кітап тара­ту­­шы­лар»  қауымдастығы мен «Nomad» мәдениет қорының халық­аралық байланыстарын үйлестіруші Баян Қаблаштың айтуынша, көрме стендтерінің сан алуанды­ғына қарамастан, елден жеткен сәлем­­мен қауышуға асыққан қандас­тарымыздың қуанышында шек болмады. Оларды қазақ тілінде жарыққа шыққан еліміздің тарихы, әдебиеті, табиғаты, балалар тақы­ры­бындағы кітаптар ерекше қызық­тырды.

Бұл жолы Франкфурт қала­сын­дағы Қазақстанның Бас кон­сул­дығы «Қазақ әдебиеті мен мәде­ниетінің маңызына» арналған әдеби кеш ұйымдастырды.

Іс-шара барысында еліміз үшін тарихи мәні зор еге­­мен­­діктің тарихы баяндалды. Осы жыл­дар­дағы  жетістіктер, саяси реформалар ел дамуының келешегін айқындаса, Қазақстан мен Гер­ма­ния арасындағы мәдени әрі эко­номикалық байланыс жылдан-жылға нығайып келеді.

Әдеби кеште «Бату мен дос­тарының алтын тостағанды ізде­гені» кітабы авторларының бірі, мәде­ниеттанушы-жазушы Зира Нау­рызбаймен кездесу­ әдеби кеш қатысушылары үшін тосын­сый болды. Бүгінде шытырман оқиғалы туынды Amazon-да бірнеше рейтингте көш бас­тап тұр. Зира Наурызбай қандас­тарымызға ана тіліміздің қазіргі жағдайы, ұлтымыздың мәдени мұрасын сақтай отырып, жаһанда әрдайым қазақ болып қалудың маңызы жайында баяндап берді.

Рухани кеште «Алматы кітап баспасы» «ТopIQ.kz» элек­трон­дық оқулықтардың цифрлық платформасымен, «Steppe&World Publishing», «Атамұра», «Маз­мұн­дама» баспаларының өкіл­дері қазақ диаспорасы және шетелде оқып жатқан студенттерді қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қатысты туындыларымен таныстырды.

 

АЛМАТЫ