Қоғам • 27 Қазан, 2023

«7-20-25» бағдарламасы: үміт пен күдік

208 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Баспана нарығында проблема көп – құрылыс сапасы мен оның дер уақы­тында бітуінен бастап жеңіл­детілген жобалардың тиім­ділігіне дейінгі аралықта іркес-тіркес түйін дегеніңіз толып жатыр.

«7-20-25» бағдарламасы: үміт пен күдік

Көпшіліктің төлем қабілеті төмен. Бұған дейін әр алуан мемле­кеттік ипотекалық бағдар­лама­лар­ға арқа сүйеп келдік. Енді олар жоқ. Барының өзі бар деуге келмейді. Бары «7-20-25» бағдарламасы еді. Қазір оның өзін ай сайынғы лимит­пен шектеп тастады. Баяғы аста-төк ақша жоқ. «Маңдайынан күн сүйген» бақыттылар ғана ие болып жатыр бұл мүмкіндікке. Мұның өзінен заңсыздықтың әлдеқандай иісі де шығатын секілді...

Freedom Finance Global зерт­теуі­­не зер салсақ, ел тұрғын­дары­ның үй сатып алуға ақшасы жет­пейді. Аналитиктердің ай­­туын­­­ша, инфляцияның тө­мен­деуіне және ақша-несие сая­сатын жұмсартуға байланысты үкі­мет тарапынан жасалған кей­­­бір сигналдарға байланысты мөл­­шер­ле­менің төмендеуі ипо­тека­лық несиелеу нарығына сер­пін беруі мүмкін.

Алайда сауалнамаға қатысқандардың көбі 10-20 пайыз аралығындағы төлем мөлшерлемесін уақытылы жауып тұру үшін өзгелердің көмегі (мәселен, туыс­та­рының) қажет болатынын айтқан.

вап

Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «EQ»

«Жылдық 15-20 пайыз – көп адам үшін тым жоғары мөлшерлеме болып есе­п­т­еледі. Сауалнамаға қатыс­қан­дар­­дың 70 пайызы егер несиенің жыл­дық мөлшерлемесі 20 пайыздан асатын болса онда ипотеканы төлей ал­­май­тынын айтады. Қаржылық аван­тюризмге белгілі бір бейімділік бай­қалады, өйткені қарызды өтеу үшін 20 пайыз әлеуетті қарыз алушы үшінші тұлғалардан көмек күтеді. Бұл 90 күннен астам кешіктірілген төлемдер (NPL) деректеріне сәйкес келмейді, NPL 2022 жылдың соңында шамамен 5 пайызды құрады. Бірақ бұл жағдай банк нарығы сарапшыларының ипотекадағы қарыз алушылардың сапасының төмендігі туралы мәлімдемелерімен сәйкес ке­леді», дейді аналитик Аңсар Әбуев.

Оның сөзінше, мәмілелердің саны мен базалық мөлшерлемесі салыстыру нарық белсенділігі мен ақша-несие сая­сатының қатаңдығы арасындағы тіке­лей корреляцияны көрсетеді. Бір жағынан, базалық мөлшерлеме нарықты баяулату құралының рөлін атқаруы керек. Екінші жағынан, нарықтағы жалғыз ойыншы болып ипотеканы нарықтық емес мөл­шерлемемен беретін «Отбасы банк» қана қалды.

«Осыған сүйене отырып, 2022 жылы базалық мөлшерлемемен берілген ипо­тека саны бір-біріне толық тәуелді бол­­мауы мүмкін. Алайда «7-20-25» же­ңілдетілген бағдарламасына іліну мүм­кіндігі қиындап кеткен 2023 жылдан бастап тұрғындар нарықтық мөл­шер­лемелерге жиі назар аудара бас­тады. «Отбасы банкінің» ірі қалалар­дан кетуі және жеңілдетілген жаңа ипо­тека­лар­дың жоқтығы аясында база­лық мөл­шер­леменің мәні нарыққа бұрын­ғыдан да әсер ете түспек. Сонымен бірге биыл базалық мөлшерлемеге тәуелді банктердегі нарықтық ипотека үлесінің 25 пайызға дейін өсіп кет­кенін ескерген абзал және бұл үрдіс жалғасатын се­кілді», дейді сарапшы.

Сарапшылар жеңілдетілген ипо­те­калық бағдарламаларды нарық­тан біржола алып тастау керек, ол эко­­­номикаға зиян келтіреді дегенді жиі айтады. Осыны ескерген Ұлттық банк секілді ірі ойыншылар кезең-ке­­зеңі­мен нарықтан кетіп те жатыр. Сарап­шы­лардың ұсынар нұсқасы – мемлекет жеңілдетілген бағдарлама ойлап таба бермей, халықтың жеке табысын арт­ты­ру­ға күш салуға тиіс. Сонда халық­тың қолы аузына жетіп, үйді өзі-ақ сатып алар еді. Әрине, бұл – дұрыс. Тіпті аса ізгі ниет һәм ұс­таным деуге болады. Алайда ел хал­қының басым бөлігінің жеке табы­сына үй сатып аларлықтай шамасы жоқ екенін шамалаймыз. Ол үшін қандай да бір теорияны алға тарту­дың, әлдеқандай статистикаға сүйену­дің де қажеті аз, сірә. Әзірге қалып тұр­­­­­ған тиімді бағдарлама – «7-20-25». Оның өзі шатқаяқтап тұр. Түнеу күні «БанкЦентрКредит» ипотекаға өтінім қал­­дыруды ұйымдастырды. Бұған біз де қатысып көрдік. Бірақ алғашқы секундта-ақ өтінім берілмеді. Жүйе ә дегенде істен шықты.

Бағдарламаға тапсырушылардың бірі Рысгүл Досжанованың айтуынша, «7-20-25» бағдарламасына төрт мәрте тапсырып, төртеуінде де тауы шағылған. Айка Айтаханова да баспаналы болмақ түгілі, тізімге іліне алмай жүрміз дейді.

«Дәл осы бағдарламада үш рет бақ сынап көрдік. Баспаналы болмақ түгілі, тізімге іліне алмадық. Бәріне сайт пен құрастырған IT маманы кінәлі сияқты. Қайда кетпей жатқан ақша? Сапалы сайт жасатуға болмас па еді? Таныстарым «өз күшіңмен өте алмайсың» деп еді. Рас екен! 500 мың теңгеге IT маманын жалдап қана баспаналы болуға болады екен. Мұны «естімедім» демеңіздер. Екінің бірі осы әңгімені айтып жүр. Бізде ақшасыз шешілетін не қалды? Қызметте отырған кісілер осы бағдарламамен пәтердің үстіне пәтер алып жатыр. Ал қарапайым тұрғындар әшейін армандап, үміттері үзіліп, үнсіз отыр», дейді ашын­ған тұрғын.

Соңғы кездері «7-20-25» бағдар­ла­ма­сымен үй алуға үміттілердің тізіміне кіру үшін банк қызметкерлері пара сұрайды екен деген ақпарат та тарады. Депутат Дәулет Мұқаев «7-20-25» бағдарламасы жемқорлықтың ортасына айналуда, бағдарлама арқылы үй алғысы келіп, пара берушілер көбейіп жатыр деп мә­лім­деме жасады.

«Президентіміз «Отбасы банктің» қыз­метін қайта қарауды, облыс орта­лық­та­рына емес, аудандарға, моноқа­лаларға және ауылдарға басымдық беру керек деген еді. Өзгеріс қашан болады? Қашан халыққа тиімді, қолжетімді бағдарлама іске қосылады? Бүгін «7-20-25»-ке лимит ашылды. Бес минутта бітті де қалды. Оқырмандардан: «Бұл не деген сұмдық?» деген хаттар келіп жатыр. «Менен банк менеджері 1 млн 400 мың сұрады», «Менен 700 мың теңге сұрады» деген хаттар жіберуде», дейді депутат.

Қаржыгер Ғалым Құсайынов «7-20-25» жеңілдетілген ипотекалық бағдар­ла­масының әу бастан ауқатты топқа ар­нал­ғанын айтып, дәлел келтіреді.

«Баға өсімін ескерер болсақ, ипоте­ка­ның орташа мөлшері 15 млн теңге маңайында болады. 100 млрд теңгеге жылына 6 667 ипотека беріледі. Бізде жастардың жыл сайынғы өсімі 250 мың адамнан асады, яғни өсімнің 2,6 пайызы ипотекаға үміткер бола алады. Ипотека ұсынысы шектеулі болғандықтан, банк­тер клиенттерді өздері таңдай бас­тайды. Осылайша, ипотекаға тек та­бы­сы жоғары азаматтар ғана ілігеді. Сон­­дықтан аз қамтылған азаматтарды жарыл­қаймыз деген ниет тасада қала бермек. Мұндай бағдарламаны жауып, басқа ұстанымдарға негізделген жаңасын әзір­леген жөн», дейді сарапшы.

Бұл ойын банкир осыдан біраз уақыт бұрын айтқан. Демек қазіргі туындап жатқан ахуалды дәл болжаған деуге то­лық негіз бар.