Фото: oner.kz
«Тірлікті мынау, жаным-ай, мәңгілік деме,
Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам...» деп жырлап 46 жасқа қараған шағында өмірден озған Табылды Досымовтан тыңдармандарының ажырап қалғанына 13 жылдың жүзі болды. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қудалауға ұшырап, оқудан шығарылған Табылды Досымов өмірінің ақырғы күндеріне дейін Атырау облысы, Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарды. Қазақтың саз әлемінде бард орындаушылықтың өзіндік мектебін қалыптастырған Табылды Досымовтың есімі ешқашан елеусіз қалмайды.