Үкімет • 31 Қазан, 2023

Бюро отырысы өтті

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысы өтті

Депутаттардың талқылауына Эстония­мен адамдардың реадмиссиясы туралы үкі­метаралық келісімді ратификация­лау туралы заң жобасын қарау ұсынылады.

Құжат екі ел арасындағы ынтымақтас­тық тетігін құруға, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Келісім Қазақстан мен Эстония аумақтарында ұлттық заңнамаларды бұзған адамдарды қабылдау, беру және транзиттеу мәселелері бойынша тараптардың құзыретті органдары арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқы­лымда қарау ұсынылды.

Жалпы отырыста Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделіп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37