Құжат Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында әзірленген болатын. Келісім Қазақстанда ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің жетпіс үшінші сессиясын тиімді ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Сенаторлардың айтуынша заңды ратификациялау ДДҰ-ға мүше елдер арасында Қазақстанның беделін арттыруға ықпал ететін болады.
Сенат комитетінің мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.