Саясат • 02 Қараша, 2023

Маңызды құжаттарға қол қояды

179 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Франция президенті Эмманюэль Макрон сәрсенбіде, 1 қа­ра­шада Қазақстан елордасы Астанаға ат басын тіреп, бірқатар ірі келісімшартқа қол қояды. Франция – аталған елдің Орталық Азиядағы жетекші саяси және экономикалық серіктестерінің бірі.

Маңызды құжаттарға қол қояды

Қазақстан Францияның атом электр стансаларына қажетті уранның жартысын береді. Шикі мұнай жеткізу жөнінен екінші орында тұр. 

Франция – Қазақстан үшін аймақтағы әлеуетті  әріптес. Сондай-ақ КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанмен стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойған Еуропадағы алғашқы мемлекет. Франсуа Миттеран бұл елге 1994 жылы ат басын тіреген алғашқы Батыс мемлекет басшысы болды. 2014 жылы Франция Президенті Франсуа Олланд Қазақстанға барды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға осыдан бір жыл бұрын, 2022 жылдың қарашасында келген еді.

Шетелдік инвестицияны тарту үшін Қазақ­станда бірнеше салықсыз аймақ құрылды. Елде жоғары деңгейдегі құқықтық және фискалдық тұрақтылық бар. Бұл кәсіпкерлердің сенімін арттырады. Жұмыс күшінің әлеуеті мол, халқының 40 па­йызы – 25 жасқа дейінгі азаматтар. Жақын күндері Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асқанын жарияламақ.

Астанаға сапарлаған Фран­ция делегация­сының құрамын­да Индустрия, сыртқы сауда министр­лері, сондай-ақ 15-ке жуық компания бас­шысы, соның ішінде «EDF», «Suez» және «Orano» бас директорлары бар. «Orano» Францияның уран қажеттілігінің 12 па­йызын және әлемдік өндірістің 7 пайызын қам­тамасыз ететін «Қазатомпроммен» серік­тесе жұмыс істейтін уран кенішін басқарады.

«EDF» азаматтық атом энергетикасы мен атом энергиясын өндірудегі тәжіри­бесін таныстырады. Өйткені Қазақстан АЭС салу мәселесін референдумға шығарады. «Suez» бас директорының Ас­танаға баруы басқа да келі­сімшарттар жасалатынынан хабар береді.

 

Жан-Батист ЖИРО,

«ÉconomieMatin» басылымы