Үкімет • 03 Қараша, 2023

Бюджет кірістерін ұлғайту жоспары

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов Парламент Мәжілісінде өткен брифинг барысында мемлекеттік бюджет кірістерін арттыру бағытындағы жоспарланған шаралар туралы айтты.

Бюджет кірістерін ұлғайту жоспары

Әлихан Смайылов атап өткендей, Үкімет алдында Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің мөлшерін азайту және оны келешек ұрпаққа сақтау міндеті тұр.

«Сондықтан мемлекеттік бюд­жеттің кірісін көбейту қажет. Бірін­шіден, бұл мақсатта кедендік және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру шаралары қабылдануда. Екіншіден, біз көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша жұмыс істеп жатырмыз», деді Премьер-министр.

Оның айтуынша, тағы бір бағыт – салық мөлшерін, атап айтқанда, ЖТС және ҚҚС арттыру.

«Қосылған құн салығына келетін болсақ, ол біріншіден импортталған тауар­лардың бәсекеге қабілеттілігін төмен­детеді. Ал отандық тауарларға келе­тін болсақ, біздің шаруалар қосыл­ған құн салығын төлемейді. Бұл орайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін компаниялар 70% мөлшерде жеңілдік алады. Бұл жеңілдіктер сақталады. Микро және шағын бизнес қосылған құн салығын төлеушілер қатарына кірмейді», деді Ә.Смайылов.

Сондықтан отандық негізгі азық-түлік тауарларын өндірушілерге бұл ешқандай кері әсер етпейді. Сонымен қатар аталған шара республикалық бюджет кірістерін шамамен 2 трлн теңгеге арттыруға мүмкіндік береді.

«Онда біз, әрине, Ұлттық қордан тартылатын трансфертті осы көлем­де азайтамыз», деп түйіндеді сөзін Премьер-министр.