Саясат • 03 Қараша, 2023

Комиссия отырысы өтті

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республика­сының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысы өтті

Отырыста азаматтық туралы бірқатар мә­селе қаралды. Сонымен қатар комиссия қыз­­метінің негізгі бағыттары бойынша Қа­зақ­стан Республикасы Президентінің құқық­тық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ер­жан Жиенбаевтың, Ішкі істер министрі Ер­жан Сәденовтің және тиісті мемлекеттік орган­дар атқарған жұмыстар туралы өзге де ла­уазымды тұлғалардың есебі тыңдалды.

Сонымен қатар комиссия төрағасы Қазақстан азаматтығынан шыққысы келетін тұлғалардың саны кейінгі 4 жылда 15 есеге төмендегенін айтып, мұны оң үрдіс ретінде бағалады. Нақты айтқанда, 2019 жылы мұндай адамдардың саны 1,7 мың, 2020 жылы – 0,9 мың болса, 2021 жылы – 123, ал 2022 жылы 114 адам болған.

Комиссия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, нақты ұсынымдар әзірленді.