Коллажды жасаған –Зәуреш Смағұл, «ЕQ»
Бұл нарық ойыншыларының шығынына жол бермеу үшін керек. Қазақстанда қазір баға диапазоны бар. Бір литрі – 50-80 теңге аралығында. Дегенмен бұл өнімнің өзіндік құны – кемінде 110 теңге. Қазір ол бағаға бірден көтермейміз, кезең-кезеңімен соған жеткіземіз», деді министр.
Расында да, кейінгі күндері еліміз бойынша сұйытылған газға сұраныс артты. Автогаз құю бекеттерінде кезек күткен көлік қарасы көбейген. Біреулер мұның себебін жөндеу жүргізіліп жатқан Атырау мұнай өңдеу зауытымен тікелей байланыстырады. Қоры сарқыла бастаған кейбір бекет қожайындары лимит қойып әупірімдей бастаса, енді біреулері талон енгізіп, амалдауға көшкен. Қалай десек те, жолда жүрген жандар үшін жанар-жағармай мен газдың тапшы болмағаны һәм қымбаттамағаны жақсы. Біз осы мәселені егжей-тегжей білу мақсатында өңірлердегі көлік газы бағасының жай-күйін бағамдап көрдік.