Заң жобасы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін ретке келтіру, оларды жүргізудің ашықтығын арттыру, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету арқылы кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар депутаттар қоғамдық бірлестіктер мәселелеріне қатысты түзетулер бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қарайды. Заң жобасы азаматтық қоғамды одан әрі дамыту және жаңа қоғамдық бірлестіктер құру тәртібін оңайлату мақсатында әзірленді.
Алдағы жалпы отырыста Ресей Үкіметімен мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын қарау көзделген. Сондай-ақ экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралмақ. Құжат «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы экспортты қаржылық қолдаудың бірыңғай операторы үшін реттеуші режімді қалыптастыру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.
Палата комитеттері байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері туралы заң жобасын және бірқатар ратификацияланатын келісімді жұмыс алуды жоспарлап отыр. Олар – Сингапур Үкіметімен Инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғау туралы және Француз Үкіметімен жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімдер.