Пікір • 06 Қараша, 2023

Түркі әлемінің салмағы

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалы­ғы­мен өткен Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Х саммиті адамзат пен төрткүл дүниенің түркі дәуірімен қайта жандануына бастамашы бо­лады.

Түркі әлемінің салмағы

Біз қазір әлем елдерінің жаңаша ық­палдасуының қарсаңында тұр­мыз. Сол орайда санғасырлық та­ғы­лымды тарихы бар түркі дәуірі тақырыбындағы басқосу ең алдымен адамзат үшін аса ма­ңыз­ды бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіп­сіздік идеяларын алға тар­та­ды.

Кейінгі жылдары Орталық Азия­ны мекен ететін түркітілдес мемле­кеттер саяси-экономикалық, мә­дени-рухани жағынан ны­ғайып, күшейіп келеді. Егер өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дары Түркі әлемінде Түркия мем­ле­ке­тінің үні басымырақ шығып, түркі дүниесіне қатысты негізгі ұсы­ныстар мен шешімдерді сол ел қабылдап келсе, кейінгі уақыт­та Қазақстан секілді жаңадан тәуел­сіздік алған түркітілдес мемле­кет­тің түркі әлеміндегі салмағы ба­рын­ша артты.

Айталық, Қазақстанның бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі қазірде толыққанды беделді халықаралық ұйымға айналды. Бүгінгі саммит – түбі бір Түркі жұртының дәуірі басталғанының нақты айғағы. Шетелдік беделді саяси сарапшылар да Түркі дәуірінің жаңа кезеңі басталғанын жарыса жазып, жариялап жатыр.

Мұндай жоғары деңгейлі бас­қо­сулар – барша адамзатты бейбіт­шілікке, ынтымақтастыққа, өзара ықпалдастыққа үндеудің бірден-бір құралы. Саммит барысында алдағы уақытта атқарылуға тиіс келелі істер мен бастамаларды күн тәртібіне шығарған тарихи ке­лі­сімдерге, түрлі шешімге қол қойылды. Бауырлас мемле­кет­тердің қауіпсіздігі, геосаяси тұрақтылығы, экономикалық дамуына қатысты нақты шешімдер қабылданды.

 

Ялчын ТОПЧУ,

Түркия Президентінің
бас кеңесшісі