Фото: ашық дереккөз
Өкілеттіктерге сәйкес облыстардың мәслихаттары сайлау өткізу үшін 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың тізбесін бекіткен еді. Барлығы 1553 сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
«Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді. Сайлаушылардың келуі - 62,79 пайызды құрады. Сайланған әкімдердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды. Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Сайлау процесін бақылауды 8500-ге жуық кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, байқаушылары мен БАҚ өкілдері жүзеге асырды», делінген ОСК хабарламасында.