Кен өндірісіндегі еңбек өтіліне 17 жыл толған Ерлан кеніштегі мақтаулы кеншілердің бірі болған екен. Ол III дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапатталыпты. Соңында аңырап жары мен екі қызы қалды.
Ерлан бұл әулетте кеніштегі өндірістен өмірі үзілген алғашқы азамат емес. Осыдан он жыл Ерланның туған інісі де «Қазақмыстың» Анненск шахтасында орын алған апат кезінде қаза тапқан көрінеді.
Корпорация басшылығы Ерлан Бимағанбеттің отбасына, туған-туысқандарына көңіл айтып, моральдық-материалдық көмек көрсетілетінін айтып та жатыр. Дұрыс та шығар. Бірақ қыршынынан қиылған өмірді енді кім қайтарып бере алады? Ол биылғы наурыздың 16-сында ғана қырықтың қырқасына көтеріліп еді...
Ұлытау облысы