Спорт • 11 Қараша, 2023

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы кезекті айқасында қарсыласын сұлатып түсірді

2213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокста осы күнге дейін 15 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен жерлесіміз Сұлтан Зауырбек кезекті айқасында да қарсыласын  нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы кезекті айқасында қарсыласын сұлатып түсірді

Фото: sultanzaurbek

Англияның  Брайтон  қаласында өткен  айқаста аргентиналық  Серхио Мартин Сосаны 6-раундта  техникалық нокаутпен жеңді.

WBO тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы  атағына ие саңлақ  жекпе-жектен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба  жариялады.

«Он алтыншы жеңісіме қол жеткіздім барлық қолдаған жанкүйерлеріме рақмет. Чемпиондар, қашуды тоқтатыңдар,  QazaQ KING таққа отыру керек», деп мәлімдеді С.Зауырбек.