Байқау • 15 Қараша, 2023

Мағжан оқулары

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алаш арысы, кейінгі жас­тарға зор сенім артқан Мағ­жан Жұмабаевтың 130 жыл­дығы аясында облыс әкімд­ігі жастар саясаты мә­селелері басқармасының ұй­ымдастыруымен өзге этнос өкілдері арасында «Мағ­жан оқулары» байқауы ұйым­дастырылды. Алдаспан ақынның шығар­машылығын насихаттау мақсатында қол­­­ға алынған іс-шараға 35 жасқа дейінгі жастар қа­тысты.

Мағжан оқулары

Түрі басқа болғанымен, тілегі бір өзге этнос өкілдерінің Мағ­жан шы­­ғармаларына асқан жауап­кер­шілікпен қарағаны көңіл қуант­ты. Қа­заққа ғана тән дыбыстарды таза айтқан 25 қатысушының барлығы Мағ­жан поэзия­сымен те­­реңнен су­сын­дағаны айқын аң­ғарылып тұрды.

Мағжан мұрасын өзге этнос жас­тары арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйым­дастырылған іс-шара барысында қатысушылар Алаш ары­сының оннан аса өлеңін мәнерлеп оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Байқау қорытындысында ерек­ше мәнерімен көзге түскен Анель Ай­даралиева 1-орынға ие болса, Нар­мина Кая-оғлы мен Хамза Афла­тунов 2-орын­ды бөлісті. Данил Поличук, Се­вилья Ибра­гимова үздік үштікті түйін­деді.

«Қазақ әдебиетінің мәңгі сөнбес жұлдыздарының шығар­маларын жастар жаттап өсуі керек. Сонда ғана олардың бойында елге деген құрмет арта түседі. Мағжан ақын­ның мұрасы қай кезде де өзінің құндылығын жоймайды. Сол үшін де өзге этнос өкілдері арасында осындай байқау ұйымдастыруды жөн көрдік. Алдағы уақытта да Алаш арыс­­тарының шығар­ма­шылығын кейінгі толқын арасында насихаттау жұмыстарын жалғастыра береміз», дейді облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері бас­қар­масының басшысы Жомарт Зұлпыхар.

 

Жамбыл облысы