Спорт • 17 Қараша, 2023

Сырт алаңдағы жеңіс: Жастар қандай қателікке ұрынды?

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан еліміздің жастар құрамасы (U21)  Еуропа чемпионатына іріктеу туры аясындағы кезекті матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сырт алаңдағы жеңіс: Жастар қандай қателікке ұрынды?

Фото: kff_team

Сырт алаңда өткен тартыста Мальта ұлттық құрамасын 0:2 есебімен ұтты. Ойынның 52-минутында  Айбар Абдулла, 72-минутта Дамир Қасаболат гол соқты. Қазақстан жастар құрамасының бұл Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңісі. Жастарды баулитын аға бапкер Қайрат Нұрдәулетов гол тоғытатын сәттің кейбірінде футболшылардың тым асығыстыққа салынғанын, пас беруде де жиі қателікке ұрынғанын айтты.

«Мальта жастар құрамасының кейінгі ойындарын қарап, зерттеу жүргіздік, құрамада өсу бар екен. Шәкірттеріміздің іріктеудегі алғашқы жеңісіне әрине қуанамыз. Бірақ әлі де тәжірибенің кемдігі байқалады. Еуропа елдерінің жастарымен жолдастық матч өткізіп, ойыншыларды шыңдауымыз керек. Футболшыларымыздың техникасы да тәп-тәуір, физикалық күші де мығым, жетпейтіні тек тәжірибе», деді аға бапкер.