Аймақтар • 27 Қараша, 2023

«Тәңір көрпесі»: Ақтау аспанында ерекше бұлт массасы пайда болды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақтау аспанында айрықша бұлт пайда болды. Бұлттар қала төбесінен едәуір жақын көрініп, тұрғындарды таңғалдырды, деп жазады Egemen.kz.

«Тәңір көрпесі»: Ақтау аспанында ерекше бұлт массасы пайда болды

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Табиғаттың бұл тосын құбылысына ақтаулықтар бүгін таңертең 9:30 шамасында куә болған.

«Бұлттар мұхиттағы толқындар сияқты жылжып отырды. Мен бұл ерекше бұлттардың алдындағы, артындағы аспанның ашық болғанына таң қалдым. Сыртқы көрінісіне қарап бұлттарды «Тәңір көрпесі» деп атадым», деді Ақтау тұрғыны Ақсынай Жанғали.

Сондай-ақ табиғаттың тосын тартуына таңданған жұрт желіге жарыса сурет жүктеп жатыр.

лл

Ал, жергілікті ақпараттық портал Lada.kz ерекше бұлттардың атауы мен пайда болу себебін «Қазгидромет» РМК-дан сұрап, білген.

«Айналмалы бұлттар - бұл өз осінің айналасында айналу бейнесін жасайтын ұзын, әдетте, төмен орналасатын, көлденең, түтік тәрізді бұлт массасы. Айналмалы бұлттар басқа бұлттармен байланыспайды. Мұндай бұлттар жер атмосферасындағы толқындардың бұзылуынан, суық фронттардан суық ауаның шығуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Өте сирек байқалатын, ерекше бұлт пішіндерінің бірі», делінген «Қазгидромет» РМК филиалының хабарламасында. 

дд