Марапат • 27 Қараша, 2023

Ақжол Герой «Ел қорғаны» медалімен марапатталды

1462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақжол Геройға аталған награданы қорғаныс ведомствосы басшысының атынан десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев табыс етті. Іс-шараға десанттық-шабуылдау  әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы, А.Геройдың ата-анасы және «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Ақжол Герой «Ел қорғаны» медалімен марапатталды

Фото: gov.kz

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Ақжол Герой батыл әрекетімен жол-көлік оқиғасының алдын алғаны үшін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов ізгі тілектерін жеткізген. «Сіздердің ұлдарыңыз сындарлы сәтте атына заты сай нағыз батыр екенін дәлелдеді», делінген жас батырдың ата-анасына жазылған алғыс хатта. 

Еске салайық, жедел қимылымен автобустың үймен соқтығысуының алдын алған оқушы туралы ақпараттар кеңінен таралды. Біз бейбіт күннің батыр баласына айналған Геройдың немересінен сұхбат та алдық. Оны бүгін сайтымызда жарияладық. gov.kz