Бокс • 29 Қараша, 2023

Жасөспірімдер жеңіліп жатыр

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Армения астанасы Ереванда өтіп жат­қан жасөспірімдердің әлем бірінші­лігінде еліміздің былғары қолғап шеберлері тым сүреңсіз өнер көрсетіп жатыр.

Жасөспірімдер жеңіліп жатыр

Ұлдар арасындағы сайыста 13 боксшыға сенім артылған еді. Өкінішке қарай, олар­дың дені алғашқы айналымнан аса алмады. Атап айтсақ, Бауыржан Мұратов (57 кг) Пахлавонжон Иброхимовтан, Бекарыс Нұрмұхан (66 кг) Ақбар Ахмадовтан, Алдияр Баһадур (50 кг) Хуссан Кохоровтан ұтылды. Олардың барлығы да – Өзбекстаннан. Бексұлтан Қайратұлы (+80 кг) мен Кенесары Әмір Маржықбаев (63 кг) ресейлік Ян Богданов пен Захар Беспаловқа жол берді. Айдос Үсенов (46 кг) тәжікстандық Жаһангир Камоловтың, Жасұлан Бердалы (70 кг) польшалық Павел Урбанскидің, Рамазан Орынбасар (52 кг) мажарстандық Петер Бенедектің, Бақытжан Айтмұханов (80 кг) тайпей Гуань Хауо Паньнің осал тұсын таба алмады. Сөйтіп, тоғыз бірдей өреніміз жарты жолға жетпей сүрінді. Ширек финалға Нығмет Нұғыман (48 кг), Төлебек Нұрасыл (54 кг), Әлихан Әскер (60 кг), Игорь Соловьев (75 кг) қана шықты.

Ал қыздардың аяқ алысы жаман емес. Бастапқы бәсекелерде тек Айым Таңқыбаева (46 кг) мен Аяжан Ермек (57 кг) жеңіліс тапты. Қалған қызарымыз әлі де қатарда.

 

Соңғы жаңалықтар

Қас қағым сәт

Көрме • Бүгін, 20:30

Әр халықтың өнерін әйгілейді

Мәдениет • Бүгін, 20:20

Балюбаның бағы жанбады

Спорт • Бүгін, 20:13

Құлдық психология

Сатира • Бүгін, 20:05

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Бүгін, 20:00