Реттеушілік меншік капиталы банк қызметінде туындауы мүмкін шығындар мен тәуекелдерді жабатын қаржылық резервті құрайды. Реттеушілік меншік капиталының өсімі бойынша көш басында – Bereke Bank. Бір жылда бірден 87,1%-ға өсіп, 132,9 млрд теңгені құраған. Екінші орынды жылдық 35,4% өсіммен Kaspi Bank иеленді. «Банк ЦентрКредит» үздік үштікті түйіндейді: бір жылда 34%-ға артты. Бестік қатарына «Отбасы банк» (33,6%-ға артты) және Еуразиялық Банк (30,6%-ға артты) енеді.
«Жалпы, Қазақстанның банк секторында капиталдың жеткілікті резерві бар екенін атап өткен жөн. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) – 19%-ға, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) 21,6%-ға жетті. Бұл жүйеде орта есеппен заңнамада белгіленген нормалардан айтарлықтай асып түседі және банктерге кез келген болуы мүмкін тәуекелдерді жабуға мүмкіндік береді», дейді Finprom сарапшылары.
Айтқанымыздай, меншік капиталының жеткілікті болуы банктің қаржылық тұрақтылығына, салымшылар сеніміне, несие мүмкіндіктерін арттыруға, кез келген сәтте туындаған тәуекелдер мен дағдарыстарды еңсеруге және өсу, даму әлеуетін арттыруға кепіл болады.