Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылындағы М.Шаханов атындағы мектептің робототехника үйірмесінің жетекшісі Оразбек Смаилдан робот жасаудың негізін үйреніп, үнемі білімін жетілдіріп келе жатқан Ә.Медеу көп ізденістің нәтижесінде биыл адамның толықтай қатысуынсыз өздігінен автотұрақ қызметін реттейтін ғимарат жобасын ойлап тапқан.
Қазіргі уақытта ірі қалаларда ең өзекті мәселенің бірі – автотұрақтардың жеткіліксіздігі екені мәлім. Осы тұрғыда жас өнертапқыштың жобасы көптеген байқауларда топ жарған. Ал биыл наурыз айында Шучье қаласында өткен республикалық байқауда ІІ орынды жеңіп алған.
Айта кетсек, жас ғалым Әділет Медеу өзінің «Автоматтандырылған автотұрақ» жобасына авторлық құқықты алу мақсатында «Қазпатент» ұлттық зияткерлік меншік институтына құжаттарын өткізіп, зияткерлік меншік куәлігін алуды жоспарлап отыр.