Тұлға • 12 Желтоқсан, 2023

«Мэлстің музасы»

103 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Лирикалық әндерімен талай жүректі тербеген композитор Мэлс Өзбековтің шығармашылық мұрасы мәңгі өлмесі анық. Әйгілі «Гауһартас» фильмінде шырқалған «Келші, айым» әнін қазіргі кезде түрлі дауыстағы әншілер орындап жүр. Одан бөлек «Келші, Құланға» әні туған жері құландықтардың Гимніне айналып кеткен.

«Мэлстің музасы»

Біршама уақыт бұрын бел­гілі композитордың өш­пес мұрасы тасқа басылып, «Мэлс­тің музасы» атты жаңа жинақ жарық көрген болатын. Өнер иесінің шығармашылығына арналған, замандастарының естеліктері жинақталған жаңа кітаптың таныстырылымы әдеби-сазды кешке ұласты. Іс-шараны Мэлс Өзбековтің рухани інісі, композитор Дүй­сенәлі Бықыбаев жүргізіп отыр­ды.

Шоқан Уәлиханов атын­дағы облыстық әмбебап-ғы­лыми кітапханада өткен іс-шара барысында облыстық арда­герлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қазақ өнерінің төрінен ойып тұ­рып орын алған Мэлс мұ­ра­сын жаңа буынның жадын­да жаңғыртудың маңыз­ды­­лығын атап өтті. Ақын Шы­рын Мамасерікова, «Жа­ңару» республикалық қоғам­дық бірлестігі облыстық филиа­лының жетекшісі Қа­­сымхан Төлендиев естелік­терімен бөлісті.

Бұл күні Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филар­мо­нияның әншілері Мэлстің бірнеше әнін нақышына келтіре шырқаса, мәде­ниет саласының үздігі Оңал Аза­­матова Дүй­сенәлі Бықы­баевтың әніне, Ар­­ғынбай Бек­босынның сөзіне жазылған «Мэлсті аңсау» әнін орындап, жиналған жұрттың жанарына жас үйірді.

Кейіннен Мэлстің жерлес інілері мен бауырлары іс-шараға арнайы қатысқан мәр­­тебелі меймандардың иы­ғына шапан жауып, құрмет көрсетті. Олардың қатарында екі мыңыншы жылдары Тұ­рар Рысқұлов ауданының тізгінін ұстаған кезде идеология жөніндегі орынбасары Дүйсенәлі Бықыбаевтың ұсынысы негізінде аудандық мәдениет үйіне Мэлс Өзбе­ков­тің есімін беруге ықпал еткен Қасымхан Төлендиев те бар.

 

ТАРАЗ