Ауа райы • 14 Желтоқсан, 2023

Бүгін еліміздің басым бөлігінде аяз болады

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, күн жауын-шашынсыз болады, аяз сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде аяз болады

Фото: ашық дереккөз

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің батысында қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман түседі. Қазақстан бойынша жел күшейеді.

Түнде солтүстікте, Алматы, Жамбыл облыстарындағы таулы аудандарда, Жетісу облысының таулы аудандарында 33-38°С аяз болады.

Түркістан облысының таулы асуларында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында кей уақытта өте күшті жел соғып, жылдамдығы секундына 30 м/с-ке жетеді немесе одан да жоғары болады деп күтіледі.