Оның сөзіне қарағанда, Димаш ет тағамдарын сүйсініп жейді. Өзге елде көп уақыт өткізетін өнер иесі шаңырағына етті аңсап келетін көрінді.
«Димаш келе жатыр дегеннен әжесі қазанға етін сала бастайды. Күн сайын табақ-табақ ет асылады. Одан кейін бөлек нанмен жейтін қазысын асып қоямыз. Ол бала күнінен ет тағамдарын жақсы көрді. Жазда жеміс-жидек пен көкөніс пісетін маусымда банка жабамыз. Барлық отбасы секілді біз де қысқа дайындаламыз. Сенесіздер ме, Димаш үшін бір маусымда 100 банка компот жабамыз. Ол қолдан қайнатылған компотты өте жақсы көреді. Әлі күнге дейін сүйсініп ішеді», деді өнер иесі.
Света айтбаева сөзінің арасында болашақ келініне қандай талап қоятынын да жасырмады. Ол ұлының жарына бәрін өзі үйретуге дайын екен.
«Димаш үйленіп, келін түсіретін жасқа да жеттік. Келініме қоятын талабым жоқ. Өзінің үйінен ештеңе білмей келсе, бәрін басынан бастап үйретемін. Өзіміз де үй тірлігі мен тамақ істеуді қатырып үйреніп келген жоқпыз. Босаға аттаған шаңырақтан үйрендік», дейді әнші.
Ең қызығы, ол бала күнінен ішек-қарын тазалауды білген. Димаш сияқты өнер қайраткері де ата-әжесінің бауырында өскен.