Өнер • 18 Желтоқсан, 2023

«Құда күткендей». Астаналықтар америкалық әнші Akon-ды қошеметтеп қарсы алды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде америкалық әнші Akon-ды Астанада қалай қарсы алғаны туралы видео пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құда күткендей». Астаналықтар америкалық әнші Akon-ды қошеметтеп қарсы алды

Елорда әуежайына келген өнерпазды іс-шараны ұйымдастырушылар мен ұлттық киім киген арулар қарсы алып, гүл шоғы мен домбыра сыйлады.

Akon - сенегалдық және америкалық әнші, рэпер, композитор, продюсер, кәсіпкер, филантроп және актер.

Akon 15 желтоқсанда Алматыда, 18 желтоқсанда Астанада жеке концертін берді.

Еске сала кетейік, жақында ғана Akon-ның өзі Қазақстан азаматтарына жеке бейнеүндеу жолдаған болатын. Онда ол қазақ жұртшылығымен кездесуді асыға күтетінін айтқан.