Футбол • 21 Желтоқсан, 2023

Конференция кубогі

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан УЕФА Конференция лига­сының електік ойындарында қай командалардың өзара күш сынасатыны анықталды.

Конференция кубогі

Бұл межеде Штурм – Слован, Серветт – Лудогорец, Юнион – Айнтрах, Бетис – Динамо Загреб, Олимпиакос – Ференцварош, Аякс – Буде-Глимт, Мольде – Легия және Маккаби Хайфа – Гент клубтары өзара шеберлік байқасады. Алғашқы матчтар 15 ақпанға жоспарланған. Содан кейін дәл бір аптадан кейін қарымта кездесулер өтеді. Електік бәсекелерде жеңіске жеткен командалар 1/8 финалда күш сынасады.

Өкінішке қарай, биыл Қазақстанның командалары үшін Еурокубок додалары сәтсіз аяқталды. Соңғы үмітіміз Астана еді. Алайда олар да Конференция лигасында сәтсіз өнер көрсетіп, сенім үдесінен шыға алмады.