Білім • 20 Желтоқсан, 2023

«Болашақ» стипендиясы тағайындалды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

«Болашақ» стипендиясы тағайындалды

Республикалық комиссияның шеші­мімен 167 азаматқа «Болашақ» халық­аралық стипендиясы тағайындалды. Оның 131-і магистратурада, 4-уі докторанту­рада оқу және 32-сі тағылымдамадан өту үшін әлемнің жетекші жоғары оқу орын­дарына және өндіріс орталықтарына жіберіледі.

Стипендиаттардың 65 пайызы инже­нерлік-техникалық мамандықтар мен жаратылыстану ғылымдары бойынша, ал қалған 35 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.

Сонымен бірге Комиссия отырысында шетелдік жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту үшін стипендия тағайындау мәселесі де қарастырылды. Комиссия шешіміне сәйкес 481 үміткерге стипендия тағайындалды.

Отырыс қорытындысы бойынша­ Мемлекеттік кеңесші «Болашақ» халық­аралық стипендиясын және ғылыми тағы­лым­дамалар бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.