Өнер • 21 Желтоқсан, 2023

Будапешттегі күй тартысы

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің репертуары өте бай. Өнер ұжымы қазақтың және әлемнің танымал композиторларының туын­дыларын орындайды. Жақында оркестр Мажарстан астанасы – Будапешт қаласындағы House of music залында өнер көрсетті.

Будапешттегі күй тартысы

Тәуелсіздік күніне орай­лас­­тырылған концертті Аты­рау облысы әкімдігінің қол­дауы­мен Қазақстан Республика­сы­ның Мажарстандағы ел­шілігі ұйымдастырды. Елші Жәні­бек Әбдірашовтың айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақ­тастықты, мәдени байланысты нығайту көзделген.

Концерттік зал сахнасын­да оркестр ұжымы қазақ және әлем классиктері – Құр­манғазы Сағыр­байұлы, Дина Нұрпеиісова, Жаяу Мұ­са, Ахмет Жұбанов, Нұр­ғиса Тілендиев, Евгений Бру­си­ловский, сон­дай-ақ Иоган Штраустың шы­ғармаларын орын­­дады. Мажар көрер­мен­дері қазақтың ұлттық ас­­пап­тарынан төгілген си­қыр­лы сазды тыңдап, бай шығар­машылық репертуарға ықы­ласын білдірді. Әсіресе «Бал­бырауын», «Адай» күйлері мен «Қорқыт» композиция­сы ерекше қызықтырды. Жер­гілікті көрермен Иоганнес Брамс­тың «Мажар билері №5» компози­циясын тосын сый ретінде қа­былдады.

«Әуен мен әнді тыңдағанда ерекше сезім пайда болды. Ха­лық музыкасы әрқашан көне заманнан келе жатқан оқи­ға­ларды бейнелейді. Көш­пелі халықтарды дүниеге әкел­ген ұлы даланың музыкалық мұ­расын естідік. Қазақ жаратылысынан өте дарынды, мә­де­ниеті бай, әдемі дауысы бар халық екен», деп пікір білдірді мажарлық көрерменнің бірі.

Көрерменді «Күй тартыс­тың» энергетикасы дүр сілкін­дірді. Күйшілердің орындау ше­берлігі мен домбыраның қуат­ты үніне ықыласпен қол соқты.

 

Атырау облысы