Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша жерлестеріміз осы күнге дейін 30 лицензияға иелік еткен екен. Спортшыларымыз биатлон, коньки, трамплиннен секіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы, керлинг, шаңғы қоссайысы, фристайл және тау шаңғысынан сайысқа түседі. Іріктеу турнирлері әлі аяқталмағандықтан алдағы уақытта жолдамалар саны арта түсуі де мүмкін.
Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасына 50 мемлекеттен келген 1 800 жас өрен қатысады деп күтіліп отыр. Олар спорттың жеті түрі бойынша 81 жүлде жиынтығын сарапқа салады.