Спорт • 22 Желтоқсан, 2023

Семсерлесуден – 42 жүлде

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның семсерлесушілері биылғы маусымды қорытындылады. Түрлі жас ерек­­шеліктері бойынша жалауы жел­біреген халықаралық жарыстарда жер­лес­теріміз 42 медальға иелік етті.

Семсерлесуден – 42 жүлде

Солардың арасындағы ең құндысы – шілде айының соңында Миланда өткен әлем чемпионатының қола медалі. Оның иегері – Руслан Құрбанов. «Шпагашылардың» сайысында ол мажарстандық Мате Тама Коч пен италиялық Давиде Ди Веро­лиден ғана қалып қойды. Бұл – отандық сем­серлесушілердің дүниежүзілік дода­дағы тұңғыш жүлдесі. Дәл сол спортшымыз Әлем кубогінің кезеңдік са­йысын­да үшінші орынға табан тіреді. Аталған жа­рыста Артем Саркисян («сабля») күміс медальды мойнына ілсе, құрамында Руслан Құрбанов, Елмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов сынды сайыпқырандары бар Қазақстан құрамасы («шпага») бас жүлдені олжалады. Бұл бәсе­келер Италияның Падуя мен Леньяно және Түр­кияның Ыстанбұл қалаларында өтті.

Қытайдың Хуанчжоу қаласында алауы тұтанған Азия ойындарының командалық сайысында отандастарымыз бір күміс пен бір қоланы еншілесе, Елмир Әлімжанов үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ Дүниежүзілік универсиадада жеңіп алған қола медаліміз тағы бар.