Өнер • 22 Желтоқсан, 2023

1829 жылы құйылған: Тамара Асар екі жүз жылдық тарихы бар қазаны туралы айтты

3209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал эстрада әншісі Тамара Асар жарының бабасынан қалған екі жүз жылдық тарихы бар қазаны жайында әңгімеледі, деп хабарлайды Egemen.kz

1829 жылы құйылған: Тамара Асар екі жүз жылдық тарихы бар қазаны туралы айтты

"Ұйқым келмейді" бағдарламасына қонақ болған өнер иесі келін болып түскен соң, жолдасының ата-анасынан қалған дүниелерді өзіне алдырғанын жеткізді.

- Тұрмысқа шыққаннан кейін, күйеумінен "Ата-бабаңнан не қалды?" деп сұрадым. Ол "Әкемнің аты жазылған кілем, балға, балта, пышақ және анамнан қара қазан қалды, ол қарындасымның үйінде" деді. Соның бәрін алдырттым. "Сен әулеттің үлкенісің" деп қазанды да алдыртып, тазаладым. Күнделікті өмірде тамақ істеуге қолданамын. Содан кейін жолдасым тағы да 1829 жылы құйылған үлкен қазан бар екенін айтты. Оны да алдыртып, ең алғаш оған Наурыз көже астық, - деді әнші. 

Тамара Асар бұл жәдігерге 5-6 жылдан соң сол екі жүз жыл толатынын да атап өтті.

- Анда-санда сыртқа кеткенде "Қазаным орнында тұр ма?" деп сұрап қоямын, - деді ол.