Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023

Атырау облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

878 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, бесеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Фото: ашық дереккөз

Ведомство мәліметінше оқиға кеше болған. Жылыой ауданында сағат 14:27 шамасында Құлсары - Сарқамыс тасжолының 4-шақырымы тұсында екі көлік соқтығысқан. Жол апатына ұшыраған көліктің бірі – ВАЗ-2115, екіншісі – Lada Largus.

«Екі адам оқиға орнында көз жұмды. Барлығы ВАЗ-2115 автокөлігінде болған. Олар – 39 жастағы жүргізуші мен жолаушы. Ал Lada Largus-тің 39 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.

Қазір полицейлер жол апатының себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.