Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023

«Боранда үсіп қалған». Хабар-ошарсыз кеткен зейнеткер мен немересінің денелері табылды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай ауданы Айсары ауылдық округіне қарасты Степанов елді мекенінің 68 жастағы тұрғыны Наталья Шамарова кеше таңғы сағат 7 кезінде 11 жастағы қызын жетелеп ауылдан шығып кеткен. Зейнеткер жолшыбай көліктердің бірін тоқтатып, Қостанайға барып азық-түлік сатып алып келмек болған.

«Боранда үсіп қалған». Хабар-ошарсыз кеткен зейнеткер мен немересінің денелері табылды

Содан хабар-ошарсыз кеткен. Суық хабар полицияға жетісімен, дереу жедел іздестіру шаралары басталды. Полицияның іздеу тобы кеше күні бойы жаяулап жүріп, қас қарайғанша Степное мен Айсарының арасын, Қостанай қаласына апаратын күре жолдың бойындағы орманды сүзіп шықты.

Бүгін таңғы 8-де іздеу шаралары қайта жалғасты. Іздеу шараларына 120-ға жуық адам, 6 техника қатысқан. Оның ішінде 35 полицей, 30 ТЖД қызметкері, 30 әскери және әкімдік өкілдерімен  ерікті іздеу-құтқару жасағының еріктілері бар.

Облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы іздестіру бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Тілеуберді Нұрахметовтің айтуынша, ақтүтек боранда үсіп қалған зейнеткер мен немересінің мүрдесі Степанов ауылының шетінен табылған. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр.