«Жаңа жыл қарсаңында білім беру саласында маңызды шара орын алып отыр. Риддерде соңғы елу жылда бір ғана мектеп салынған. Ол жұмыс істеп тұр, білесіздер. Риддерде Казцинк компаниясының қолдауымен 600 орындық мектеп салынады. Сөйтіп келесі жылы екі мектеп бой көтереді. Жыл соңы осындай келісімшарт жасалып жатыр, қуаныштымын», деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
«Риддерде оқушыларға орын жеткіліксіз. Казцинк бұған дейін балабақша салған. Мектепті тұңғыш рет саламыз. Риддер дами берсін», деді Казцинк компаниясының бас директоры Александр Хмелев.