Ауа райы • 05 Қаңтар, 2024

Алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады

4156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері ел аумағында аяз қайта күшіне енеді. «Қазгидромет» РМК 6-8 қаңтар аралығында аяз күші - 30 градусқа жетеді деп болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады

Алдағы тәуліктерде атлантикалық циклон мен атмосфералық фронтальдың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, оңтүстік облыстарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

6 қаңтарда еліміздің солтүстік-батысына қалың қар түседі.

7-8 қаңтарда солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта қалың қар жауады деп болжанған. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашынмен бірге көктайғақ, бұрқасын болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

«Солтүстік-батыс антициклон арқылы суық ауа массасы еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында температураның күрт төмендеуіне әкеледі. Осылайша, түнде батыста және солтүстік-батыста аяз болып, температура - 8-25 градусқа дейін төмендейді. Ал елдің солтүстігінде -5-30 градус аяз болса,  республиканың шығысында -5-18 градусқа дейін күн суытады. Оңтүстік облыстарда түнде - 5, күндіз цельсий бағаны + 7 көрсетеді», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.