Қоғам • 08 Қаңтар, 2024

Үш адам қайтыс болды. Дәмхананы жалға алған кәсіпкер қамалды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда жарылыс болып өртенген дәмхананы жалға алған кәсіпкер қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Батыс Қазақстан облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш адам қайтыс болды. Дәмхананы жалға алған кәсіпкер қамалды

Фото: sputnik.kz

Күдікке ілінген азаматқа екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзды деген айып тағылып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Кәсіпкер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел тергеу тобы қажетті сараптамаларды тағайындады.

Бірнеше күн бұрын Орал қаласындағы «Ризық» дәмханасында газ жарылып, екі қабатты ғимарат өртке оранып, 3 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған болатын. Жараланған бес адамның жағдайы ауыр.